Басты бетЖаңалықтарНеге дәрігерлер...

Неге дәрігерлер ақ түсті халат киеді?

Тек ауыр операциялар кезінде ғана алжапқыш пен қолғап киетін. Ерте замандарда дәрігерлерді киіміне қарап танымайтын. Себебі, олар өз заманындағы нағыз танымал жандар болды, оларды жазбай танитын болған.

Ең алғаш ақ халат кию қажеттілігі туралы бастаманы ағылшын дәрігері Джозеф Листер көтерді. Бұл киім түрінің антисептік қасиеті туралы оның тұтас теориясы бар еді. Ал өткен ғасырдың басында, Еуропаны тұмау індеті жайлағанда бұл теория расталды. Осыдан кейін жер-жердегі дәрігерлер  жаппай ақ халат киюді бастады.

Халат туралы тағы бір қызықты дерек, өткен ғасырда халатқа қарап, хирургтің кәсібилігін бағалайтын болған. Операция кезінде халат пациент қанымен неғұрлым аз былғанса, соғұрлым хирург білгір маман саналған.

Жақында Англияда ақ халат кию қажет пе деген пікірталас қайта жаңғырды. Ақ халаттан уақытша бас тартқанда, халықтың халатсыз дәрігерлерге сенімсіздікпен, кейде тіпті қорқынышпен қарайтыны белгілі болды, деп жазады шетелдік БАҚ.

Енді халаттың қызғылт емес, сары емес, сұр емес, неге ақ түсті екеніне тоқталайық. Түстерді зерттейтін колориметрия деген ғылым бар. Сол арқылы шындыққа жанасатын жауап таба аламыз.

Колориметрия ғылымына сенсек, ақ түс адамды ашықтыққа, тазалыққа, айқындыққа жетелейді. Демек, ақ түс пациенттерге оң ықпал етеді. Оның үстіне, ақ халаттағы жандарға пациенттер көбірек сенім артады.

Статистикалық мәліметтер бойынша, ғалымдар ақ түстің адамға ойын шоғырландыруға көмектесетінін айтуда. Салыстырмалы түрде, ақ халат киген дәрігерлер аз қателік жібереді. Демек, ақ түс адам өмірін құтқаруға септігін тигізеді!

ДереккөзҚазАқпарат