Түркияның Джизра қаласында тағы бір жойқын жарылыс болды

Қауіпсіздік қызметіндегілердің мәліметінше, жарылыстан қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар. Олардың нақты саны анықталып жатыр. Оқиға орнына жедел жәрдем көліктері барған. Куәгерлерге сілтеме жасаған жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, оқиға орнында миналанған көлік жарылған.

Сондай-ақ, Түркияда тыйым салынған Күрдістан жұмыс партиясындағылар осы жарылысты ұйымдастырды деген күдік бар.