Астана әкімінің басшылығымен мен арнайы комиссия көшелер мен жолдарды жинайтын «Астана тазалық» және «Астана Зеленстрой» АҚ техникаларын көріп шықты. Екі компанияның да паркі 400 мамандандырылған техникаға толы.
Компания басшылығының айтуынша, барлық техника мен қызметкерлер штаты қысқы маусымның басталуына дайын.
Астана әкімдігенде өткен жиында аудан әкімдері, мердігерлік және қаланы тазалауға жауапты ұйымдар қысқы маусымға дайындығы туралы есеп берді.
Бізге толықтай дайын тұру керек. Коммуналдық қызметтер сағат сияқты жұмыс істеп тұруы қажет, қалалықтар ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдарда жайсыздық сезінбеуі тиіс, — деді Астана әкімі Бақыт Сұлтанов.
Әкім қаланы санитарлық тазалауға жауапты мердігерлік ұйымдармен келісімшартты жаңа форматқа ауыстыру туралы мәселені қайта қарауды тапсырды.
Сонымен қатар, қала аудандарын ірі учаскелерге бөлу туралы ұсыныс айтылды. Мұндай қадам бір ғана компанияның өзіне қарасты ауданға қызмет көрсетуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Көпжылдық келісімшарт бизнеске инвестициялық сенім береді, ол техникалық базаны жаңартуға және арнайы транспорт паркін жаңартудың мүмкіндігін қамтамасыз етеді.