Басты бет Жаңалықтар Әділбек Ниязымбетов бокспен қоштасуы мүмкін

Әділбек Ниязымбетов бокспен қоштасуы мүмкін

Бокстан Лондон және Рио Олимпиадаларының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов бокспен қоштаспақшы.

«Әрине, екі бірдей Олимпиададан күміспен оралу да оңай емес. Бірақ менің алтын алғым келген. Ел үмітін ақтап, өз мақсатыма жете алмадым. Шынымды айтсам, екінші Олимпиадам өзіме ауыр болды», — деді Ниязымбетов.

Боксшының айтуынша, ол Риода жарақатпен өнер көрсеткен. Спорттық мансабын аяқтауға жарақаты да себепкер болуы мүмкін.

«Әзірге нақты ештеңе айта алмаймын. Бапкерлеріммен ақылдасуым керек. Мүмкін, бокстан кететін шығармын. Демалып, өз-өзіме келсем деймін. Себебі, адамға ең бірінші керегі — денсаулық», — дейді Ниязымбетов.

Еске сала кетейік, жақында Ниязымбетов Олимпиада аяқталған соң үйленетінін айтып, сүйінші сұраған. Риода екінші мәрте күміс жүлдегер атанған олмарапаттау рәсімінде көз жасын тоқтата алған жоқ.

2 пікір

  1. Әділбек біз сенімен біргеміз! Күміс медальды өз басым Алтынмен пара пар деп ойлаймын. Деніңе саулық тілеймін!!!

  2. Ұлы державаның қыздары мен жігіттері жарадыңдар! Сіздермен еліміз мақтана алады. Мақтауға лайықсыңдар!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version