Әділбек Ниязымбетов бокспен қоштасуы мүмкін

«Әрине, екі бірдей Олимпиададан күміспен оралу да оңай емес. Бірақ менің алтын алғым келген. Ел үмітін ақтап, өз мақсатыма жете алмадым. Шынымды айтсам, екінші Олимпиадам өзіме ауыр болды», — деді Ниязымбетов.

Боксшының айтуынша, ол Риода жарақатпен өнер көрсеткен. Спорттық мансабын аяқтауға жарақаты да себепкер болуы мүмкін.

«Әзірге нақты ештеңе айта алмаймын. Бапкерлеріммен ақылдасуым керек. Мүмкін, бокстан кететін шығармын. Демалып, өз-өзіме келсем деймін. Себебі, адамға ең бірінші керегі — денсаулық», — дейді Ниязымбетов.

Еске сала кетейік, жақында Ниязымбетов Олимпиада аяқталған соң үйленетінін айтып, сүйінші сұраған. Риода екінші мәрте күміс жүлдегер атанған олмарапаттау рәсімінде көз жасын тоқтата алған жоқ.

Дереккөзnur.kz