Алматы облысы Қостанай өңіріне қант жеткізеді

Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов жұмыс сапарымен Қостанай өңіріне барды. Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қонақтарды қарсы алған Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өңірдің тыныс-тіршілігімен таныстырып, жергілікті өндіріс және мәдениет нысандарды көрсетті.

Бұдан соң Амандық Баталов пен Архимед Мұхамбетов екіжақты ынтымақтастықты дамыту туралы меморандумға қол қойды. Басқосуда Алматы облысында қант қызылшасын өндіру көлемі артқаны айтылды. Енді қос облыс арасындағы ынтымақтастықтың нәтижесінде Жетісудің қызылшасынан Ақсу мен Көксу зауыттарында жасалған қант Қостанай облысына жеткізіледі. Өнімге Қостанайдағы «Баян сұлу» кондитерлік фабрикасы қызығып отыр.