Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Интернетті қандай мемлекеттік органдар жауып тастай алады?

Фото: Liter.kz

Қазақстанда Үкіметтің 2018 жылдың 28 қазанындағы қаулысымен интернет желісі мен байланыс құралдарын блоктауға құқығы бар органдар тізімі бекітілді.

Қаулыға сәйкес, әлеуметтік, табиғи немесе техногенді төтенше жағдайлар кезінде төрт мемлекеттік органға интернет пен байланыс қызметін тоқтату құқығы беріліп отыр. Олар: ҚР Бас прокуратурасы, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі және Қорғаныс министрлігі.

Әлеуметтік, табиғи және техногенді төтенше жағдай кезінде Үкімет пен Президенттің және шұғыл қызметтердің ғана байланыс қызметі ажыратылмайды. Үкіметтің бұл туралы қаулысы 28 қазан күні күшіне енді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version