Қытай компаниялары қазақстандық май мен балыққа қызығушылық танытып отыр

Көрмеге Қытай тарапынан 30-дан астам компания қатысты. Олар ауылшаруашылық өнімдерінің импортына, қазақстандық май мен балыққа қызығушылық танытып отыр. Қытай еліне ұн өндірушілерді қоса алғанда, дәл осы тамақ өнімдерімен айналысатын компаниялар барған болатын.

Сауда-экономикалық миссиясын ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы және Қытайдың Халықаралық сауданы дамытуға жәрдемдесу комитеті ұйымдастырды.

Іс-шара барысында екі елдің бизнес-қауымдастықтары инвестиция, логистика және сауда салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың келешегі зор мәселелерін талқылады.