Қазақстандықтар биыл төлем карталарынан қанша қаражат шығарды?

2018 жылдың қаңтарынан тамызына дейін қазақстандықтар төлем карталарынан 8,6 триллион теңге шығарған. Көрсеткіш былтырғы осындай кезеңмен салыстырғанда 25,1%-ға көп. Бұл туралы Ranking.kz сарапшылары хабарлады.

Талдауда қазақстандық эмитенттер шығарған карточкалар есепке алынып отыр. Оның 99,9%-ы халықаралық төлем жүйелеріне тиесілі. Карталардан қаражат шығару көрсеткіші бір жылда 26,4%-ға көбейген.

Есепке алынған халықаралық төлем карталарының 95,3%-ы Visa және MasterCard жүйелеріне тиесілі.

Соңғы 2 жылда карта нарығының драйверіне айналған MasterCard ең белсенді жүйе болып отыр. Бұл жүйе карталарынан қаңтар-тамыз аралығында 2,7 триллион теңге шығарылған, бұл жағынан көрсеткіш бір жыл ішінде 70,7%-ға жоғарылаған.

Нарықтағы жетекші орны бола тұра Visa жүйесінен қаражат шығару көрсеткіші бір жыл ішінде тек 17,7%-ға көп болды.

Карталардан қаражат шығару жағынан Алматы мен Астана алда. Алматыда 2 миллиард теңге шығарылса (бір жыл ішінде 21,4%-ға жоғары), Астанада 951 миллион теңге шығарылған — бір жыл ішінде 23,6%-ға жоғары.