Материалды Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының тапсырысымен “Қазақ интернеті” қоғамдық бірлестігі дайындаған.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының діни шығармашылығы
Жүсіпбек Аймауытов: "Мәшһүр Жүсіп жаңа заманның бұйынтақ сөзін, жыбырлақ мінезін місе тұтпаған, қазақтың қазақылығы бұзылмаған заманда дүниеге келген гауһары", - деген екен. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы - дін руханиятын, діл салтанатын жырлап өткен ғұлама. Оған артында қалған еңбектері дәлел.