«Алматыдан денсаулық сақтау қызметімен жалпыға бірдей қамтуға және тұрақты даму мақсаттарына қарай» аталатын Бастапқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі жаһандық конференцияда жаңа Астана декларациясы қабылданды.
Біз академиялық орталарды, мемлекеттік емес секторды, денсаулық сақтау жүйелерін қоса алғанда, бүкіл әлемнен 1000-нан астам сарапшыдан өте көп комментарий алдық. Бізде қоғамдық тыңдаулардың бірнеше раунды болды, олардан кейін ДДСҰ мүшелерімен консультациялар процесі жүріп жатыр, сондықтан біз бастапқы медициналық-санитарлық көмек бойынша Астана декларациясы жөніндегі толық бәтуаластыққа қол жеткізе алдық, — деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
Министрдің айтуынша, бұл күн Қазақстанның ғана емес, сонымен бірге бүкіл әлемнің тарихында қалады, өйткені бүгін жаңа декларацияға қол қойылады.
Бастапқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі Астана декларациясы қабылданды деп жариялаймын. Бұл делегацияның барлық қатысушысын осы тарихи оқиғамен құттықтаймын, бүгіннің өзінде біз әлем азаматтарымыз, бізде жаңа мақсат бар — ол 2018 жылдың 25 қазанында қабылданған БМСК жөніндегі жаңа декларация, — деді ол.
Елжан Біртановтың айтуынша, Астана декларациясы бұдан кейінгі жұмыстың төрт шешуші бағытын айқындайды. Олар — барлық облыста адамдар денсаулығын жақсарту үшін батыл саяси шешімдер қабылдау; тұрақты бастапқы медициналық-санитарлық көмекті құру; жекелеген тұлғалар мен жұртшылықтың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту және мүдделі тараптың ұлттық саясатпен, стратегиямен және жоспарлармен бірлескен қолдауын қалыптастыру.

Бастапқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі Алматы декларациясының 40 жылдығына арналған жаһандық конференцияға 146 мемлекеттен 1142 делегат қатысып жатыр, олардың арасында 35 министр, 21 вице-министр бар.