Басты бетЖаңалықтарАлматылық жастар...

Алматылық жастар бейнелеу өнерін цифрландыруды үйренді

Алматыдағы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы қорының қолдауымен шығармашыл жастардың жыл сайынғы  IX «ЖасSTAR» халықаралық фестивалі аясында «Бейнелеу өнерінің жобаларына арналған цифрлық технологиялар» атты семинар өтті.

Цифрлық технологиялар біздің өміріміздің ғана емес өнердің де бір бөлігіне айналып кетті. Оның көмегімен мәдени және шығармашылық белсенділік өсіп, аудиториямен байланысудың жаңа формалары пайда болды және шығармашылық өнімдерді өндіру мен тарату жүйесі өзгерді, — дейді «Cultural Dialogue» қоғамдық қорының жетекшісі Жанна Мәмбетова.

Фестивальге қатысушылар анимациядағы инновациялық жобалармен, 3D мүсіндерді жасауды, суретке түсіруді, танымал және жас суретшілердің цифрлық технологиялармен салған суреттерін көріп, танысты.

Cultural Dialogue ҚҚ ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы қорының қолдауымен «ЖасSTAR» фестивалінің аясында бірнеше жылдан бері цифрлық мәдени жобалардың дамуына бағытталған шаралар ұйымдастырып келеді. Бұл жылғы шеберлік сабағы бейнелеу өнеріндегі цифрлық технологиялар туралы болды.

3D мүсіндердің технологиясын технология ғылымдарының докторы Дәулет Ахмедов, «Жанды сурет: техника және саты, музыка және басқа да нюанстар» туралы «ROX Production» студиясының бас продюсері Мұрат Ерәлиев айтып берді.

цифрлық
Фото: «Cultural Dialogue» ҚҚ

Айта кетейік, Cultural Dialogue қоғамдық қоры — Қазақстандағы арт-менеджерлерді оқыту бағдарламасының негізін қалаушысы. 2016 жылдан бастап қордың жұмыстарына  ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасының қоры қолдау көрсетіп келеді. Міндеттерінің бірі — жастардың шығармашылығына қолдау көрсету.