Басты бет Жаңалықтар Алматыда діни ұйым өкілдері спорт түрлерінен жарысқа қатысты

Алматыда діни ұйым өкілдері спорт түрлерінен жарысқа қатысты

Бұл шара "Асыл мұра" бағдарламасы аясында дін өкілдері арасындағы жарасымды арттыру мақсатында өткізілді.

Фото: Ақпараттық-спорттық хаб

Алматыда әртүрлі дін өкілдері спорттың алты түрінен өзара мықтыны анықтады. Сайыс Алматы қаласы дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен қолға алынған «Асыл мұра» бағдарламасы аясында өтті.

Алматы ақпараттық-спорттық хабының хабарлауынша, Рухани келісім күніне арналған жарыстар «Нархоз» университеті стадионында спорттың алты түрі бойынша өтті.

Спорт сайысы жүгіру
Фото: Ақпараттық-спорттық хаб

Түрлі діни конфессияның 500-ге жуық өкілі шағын футбол, арқан тарту, қол күресі, гір көтеру, шаxмат және жеңіл атлетикадан бақ сынады.

Фото: Ақпараттық-спорттық хаб

Шаxмат спортынан 8 жастағы Дамир Әділбеков жеңімпаз атанды. Ол сайысқа қатысқандардың арасындағы жалғыз бала болды.

Фото: Ақпараттық-спорттық хаб

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Фото: Ақпараттық-спорттық хаб

«Асыл мұра» бағдарламасы қаладағы мешітке келуші жамағат арасында бұқаралық спортты дамытып, оларды салауатты өмір салтына бейімдеу мақсатында жүзеге асырылып жатыр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version