Мемлекет басшысының жарлығымен Президенттің 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары бекітілді.
Тиісті жарлық Ақорданың сайтында жарияланды.
Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары (бұдан әрi – Жалпыұлттық жоспар) бекітілсін, — делінген жарлықта.
Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын, сонымен қатар Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының ережелері бойынша ақпараттық-түсiндiру жұмысын жүйелi негiзде жүргiзудi қамтамасыз ету жүктелді.
Президент жарлығы бойынша Үкімет есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейін ҚР Президенті Әкімшілігіне Жалпыұлттық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынуы тиіс.
Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, басқа да мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін. Осы жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, — делінген құжатта.