Басты бет Жаңалықтар Нұрбақыт Теңізбаев басқарма басшысы болып тағайындалды

Нұрбақыт Теңізбаев басқарма басшысы болып тағайындалды

Атақты палуан бұған дейін Алматы облысындағы Жоғары спорт шеберлігі мектебін басқарған.

Нұрбақыт Теңізбаев. Фото: Еgemen.kz

Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың өкімімен грек-рим күресінің палуаны, Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нұрбақыт Теңізбаев 1983 жылы Алматы облысы Панфилов ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген.

Грек-рим күресінен жастар арасындағы әлем чемпионы (2003), Әлем кубогының, Азия чемпионатының жүлдегері (2005). Халықаралық санаттағы спорт шебері, «Құрмет» орденінің иегері (2008).

Нұрбақыт Теңізбаев бұған дейін облыстық Жоғары спорт шеберлігі мектебінің басшысы қызметін атқарды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version