Универсиадаға Қазақстаннан 191 спортшы қатысады

Қазіргі уақытта ұйымдастыру комитеті жарыстарға дайындықтың белсенді кезеңін бастады. Универсиада 2017 жылғы 29 қаңтар және 8 ақпан аралығында Алматы қаласында өтеді. Оған қатыстатынын 58 мемлекет  растап отыр. Жарыстар 12 спорт түрі бойынша 8 спорт нысанында ұйымдастырылады.

«Универсиадаға арнап салынып жатқан жаңа 3 мың орындық мұз айдыны мен 12 мың орындық мұз айдындарының құрылысы 90 пайыз  аяқталды. Сонымен қатар Алматы қаласының Алатау ауданында техникалық жағынан шамамен 5 мың қонақты қабылдай алатын атлеттер ауданы салынып жатыр. Барлық объектілер жоспардан 2-3 айға озып салынуда. Универсиада объектілері бойынша қазақстандық өнімнің үлесі 60 пайызды құрайды», — деп хабарлады Наиль Нұров.

Универсиаданы өткізуге 127 халықаралық төреші және 600-ге жуық ұлттық техникалық мамандар қатысатын болады.

Айта кетейік, Универсиаданың өту барысын тәулік бойы онлайн-режимде бақылап отыратын Ойындарды басқару орталығы іске қосылады.

ДереккөзМұнара