Байқау шарты бойынша оқырман бес жұмбақтың кем дегенде үшеуіне дұрыс жауап беруі тиіс еді. Бірінші болып дұрыс жауап берген төмендегі қатысушылар байқаудың жеңімпазы атанды:
-
Әлихан Жаманхан
-
Дариға Озарбай
-
Назым Байбатша
-
Мағжан Қыпшақбай
-
Ерлан Оразбек
-
Ерік Суханберлин
-
Айгүл Жылгелді
-
Айгүл Мейірбекова
-
Ермек Кемешов
-
Бибігүл Төлегенова
-
Ұлдана Мұқан
-
Ақзия Жүсіпбекова
-
Жәнібек Қайратбекұлы
-
Аида Исабекова
-
Саят Арқарбеков
-
C.Ешбаев
-
Ұлдана Күзібай
-
Назерке Көшінбаева
-
Ботагөз Анарбекқызы
-
Еркебұлан Әубәкіров
Жұмбақтардың жауабы
1-жұмбақ. Ертеде бір маркетолог Таяу Шығыстағы жарнама компаниясын сәтсіздікке ұшыратады. Көрнекі суретте бәрі дұрыс болатын. Бірақ компания банкрот болды. Неге? Жоғарыдағы суретке қарап, жұмбақты шешіңіз.
Шешуі: Таяу Шығыстың халқы оңнан солға қарай оқиды. Маркетологтың қатесі сол — адамдар сусынды кері әсер етеді деп ойлап қалған еді.
2-жұмбақ. Атасы немересіне жастық шағындағы жетістігі туралы айтып берді. «Бірінші дүниежүзілік соғыста ерлігім үшін мені мына қылышпен марапаттады. Қылыштағы жазуды қара», – дейді атасы. Қылышта «Ерен ерлігі мен батылдығы үшін марапатталады. Бірінші дүниежүзілік соғыс»деп жазылып тұр еді. Бірақ немересі жазуды оқыған соң атасының өтірік айтқанын бірден біліп қойды. Қалай?
Шешуі: Қылышта «Ерен ерлігі мен батылдығы үшін марапатталады. Бірінші дүниежүзілік соғыс» деп жазылып тұр. Бұл — қате. Ол кезде адамдар «бірінші дүниежүзілік соғыс» деп айтпаған. Өйткені екінші дүниежүзілік соғыстың болатынын білмеген еді.
3-жұмбақ. Ертеде бір қарттың үш қызы болыпты. Бір күні қарт қатты ауырып, Өлім патшасы оны о дүниеге алып кетуге келеді. Қарттың үлкен қызы патшадан әкесінің тағы екі жыл өмір сүруін сұрап жалынады. Ол келіседі. Екі жыл өткеннен кейін Өлім тағы да келеді. Сол кезде екінші қызы тағы бір жыл беруін сұрайды. Тілегі орындалады. Өлім патшасы үшінші рет келгенде кенже қызы: “Әкемнің өмірін мына майшам жанып біткенге дейін алмашы”, – деп өтінеді. Өлім келіседі. Кенже қыз жоспарлағандай ол содан кейін оралмайды. Үшінші қыз әкесінің өмірін қалай сақтап қалды?
Шешуі: Кенже қыз Өлім патшасы кеткеннен кейін майшамды бірден өшіріп тастайды. Келісім бойынша Өлім әкесін майшам жанып біткенде алып кетуі керек еді.
4-жұмбақ. Әлия мен Ғалия есімді екі құрбы орманға серуендеуге барады. Кенеттен жаңбыр құйып кетеді. Құрбылар орманнан бұзылған үйді көріп, жауыннан қорғану үшін сонда кіреді. Жаңбыр басылады. Үстері құп-құрғақ екі құрбының бір кезде қарны аша бастайды. Сөйтіп қыздар екіге бөлініп, азық іздемек болады. Бір кезде Әлия орманнан алма ағашын байқайды, біреуін жеп көреді. Жегені сол еді, өзі де алма ағашына айналып кетеді. Біраз уақыттан кейін Ғалия құрбысын жоғалтып алғанын түсінеді. Алма ағашының қасына келгенде бейтаныс дауыс: “Сенің құрбың алма ағашына айналып кетті. Оның қайтадан адам кейпіне оралуын қаласаң, ағашқа айналған құрбыңды табуың керек. Бірақ сенде жалғыз мүмкіндік бар”, – дейді. Ғалия өте ақылды еді. Ол құрбысын бірден таниды. Қалай?
Шешуі: Жаңбырдан кейін алма ағаштары су еді. Ал Әлияның үсті құрғақ болатын. Құрбысы құрғақ ағаштың Әлия екенін бірден біледі.
5-жұмбақ. Ертеде бір байдың үш ұлы болыпты. Бай жасы келген соң кімді мұрагері етіп сайларын білмейді. Ақыры үшеуіне азын-аулақ тиын беріп: “Осы ақшаға ең үлкен бөлмені тұтас қамтып тұратын зат сатып алыңдар. Кім бөлмені толтырады – сол мұрагерім болады”, – депті. Үлкен ұлы мақта сатып алып, бөлмеге кіргізеді. Бірақ ол бүкіл бөлмені толтыра алмайды. Екінші ұлы бөлмеге шөп кіргізеді. Ол да сыннан өтпей қалады. Ең ақылды ұл – кенже баласы базардан екі кішкентай зат сатып алады да, бүкіл бөлмені толтырады. Кіші ұлы не сатып алды?
Шешуі: Кіші ұлы бөлмені жарық қана тұтас қамтитынын дұрыс табады. Сөйтіп базардан майшам мен шырпы сатып алады.
Редакцияға келіп түскен ең көңілді жауаптар
Құрметті оқырман! Барлығыңызға байқауға қатысқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Жеңімпаздарды құттықтай отырып, өзге қатысушыларға да алдағы байқауларда сәттілік тілейміз.
Редакцияға тек дұрыс, қате жауаптар ғана келіп түспеді. Қате болса да, езу тартқызған көңілді жауаптарды Сіздермен де бөліскіміз келді.
Маркетолог суретте қандай қате жіберді?
- Маркетолог ақшаны жымқырған.
- Суретте қолын жан-жаққа жіберіп, рахаттанып жатқан адам кола ішіп, әжетханаға шапқандай болған.
- Kоланы допинг ретінде көрсетіп тұрғандай болады.
Немересі қылыштағы жазуды оқыған соң атасының өтірік айтқанын қалай біліп қойды?
- Made in China.
- Атасының есімі Ерен емес.
- Ол кезде «марапатталады» деген сөз болмаған шығар. Содан біліп қойған болады.
Үшінші қыз әкесінің өмірін қалай сақтап қалды?
- Майшам тоқтамай жана беретін шығар. Әйтеуір, осы үйдің үш баласы ақылды ғой. Білмеймін ғой.
- Өлім патшасы майшамның қашан өшкенін білмейді. Ол өшкенде келуі керек. Ал анау келейін десе, қашан өшкенін білмейді. Сосын келмей жүреді.