Басты бет Жаңалықтар Астана бюджетіне салықтың 45%-ы шағын орта бизнестен келеді

Астана бюджетіне салықтың 45%-ы шағын орта бизнестен келеді

Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру бойынша республикалық ақпараттық топтың отырысында Астанадағы іскерлік ахуалдың дамуы туралы әңгімеледі.

Фото: Оsken-onir.kz

Кездесу диалог форматында өтті. Спикерлерге әр қатысушы сұрақтарын тікелей қойып, ұсыныстарын жеткізді.

Мемлекет басшысы Жолдауында бизнес-ахуалды, әсіресе, өңірлік деңгейде жақсартуға көп көңіл бөлді. Бұл — сөзсіз, кәсіпкерлікті дамытуға жақсы көмек. Жыл басынан бері қолданыстағы шағын орта бизнес субъектілерінің саны 8,9%-ға артып, 105,8 мың болды. Шағын орта бизнес субъектілерінің бюджетке салық түсімі шамамен 297,2 миллиард теңге болды. Бұл — жалпы салық түсімдерінің және төлемдерінің 45%-ы, — Ермек Аманшаев.

Еске салайық, Астана бизнесті жүргізу бойынша ең жеңіл субұлттық рейтинг жеңімпазы атанып, Мемлекет басшысының арнайы марапатын алды. Сонымен қатар 2050 жылға дейін ЖӨӨ-дегі шағын орта бизнестің 50% үлесін қамтамасыз ету бойынша Елбасының тапсырмасын уақытынан бұрын орындады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version