«1000-ға жуық медбикенің жалақысы өседі» — Ермек Аманшаев

588 аудандық дәрігердің және 1000-ға жуық медбикенің жалақысы өседі. Сонымен қатар 2019 жылдың соңына қарай олардың жаңа тәсілдерді меңгеруін 100 пайызға дейін жүзеге асыру жоспарда бар. Бұл медициналық көмектің сапасын жақсартуға, ерекше аурулардың асқынуы мен ауруханалар санының азаюына, балалардың және жүкті әйелдердің денсаулығына қамқорлық танытудың сапасын арттыруға мүмкіндік береді, — деді әкім орынбасары Ермек Аманшаев.

Бұдан бөлек, «Үйдегі дәрігер» мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы шеңберінде «Жағалау», «Салтанат аркасы», «Айнакөл», «Өндіріс» тұрғын алабы мен Интернационал ауылында бес поликлиника ашылады.

Бұл емханалардағы кезектерді азайтуға, сонымен қатар жалпы тәжірибелік дәрігерлеріне 1700-1800 адамға дейін жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл көрсетілетін қызметтердің сапасын айтарлықтай жақсартады, — деді Ермек Аманшаев.

Оның айтуынша, жылдың аяғына дейін жалпы дәрігерлік тәжірибенің 48 жаңа бағытын ашу жоспарланып отыр. Осылайша азаматтардың алғашқы медициналық-санитарлық көмекке қол жеткізу мүмкіндігі артпақ.