Қоғамдық қабылдау бөліміне хабарласыңыз

Бірінші, үйіңіздегі жылыту батареяларының жылу-энергия кешеніне қосылған-қосылмағанын, тағы басқа ақау-апаттың бар-жоғын анықтап алыңыз. Содан соң Open Almaty орталығына 1308 және 338-33-88 нөмірлері бойынша хабарласыңыз. Осы нөмірлерге үйіңіздегі проблеманы хат түрінде жолдасаңыз да болады.

«109» (құтқару қызметі) және 341-07-77 (Алматы жылыту желілері) нөмірлеріне хабарласып та, көмек ала аласыз.

Мәселе тұрғын үйде болса, не істеу керек?

Тұрғын үйіңіздің пәтер иелері кооперативіне хабарласыңыз. Олардың нөмірін мына жерден біле аласыз. Барлық тұрғын үй жылу жүйесіне қосылуға дайын болуы керек және проблемалар туған жағдайда олар сізге мән-жайды түсіндіруге міндетті.

Егер жылыту батареялары жылу-энергия желілеріне қосылған болса, пәтер иелері кооперативтеріне хат жолдасаңыз болады. Тек хатта үйде не себепті жылу жоғын дәл көрсету үшін акт жазып алу керек. Мұндай құжатта дәл нені түзету керегі көрсетілуі тиіс.

Тұрғын үйді жылумен қамтамасыз ету — пәтер иелері кооперативтерінің міндеті. Сондықтан олар жылу жүйесін тексеру, қажет болған жағдайда түзету жұмыстарымен де айналысады. Егер жылу жүйесіндегі барлық проблемалар шешілсе, үйіңіз тез арада жылиды.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!