Басты бет Жаңалықтар Нұрсұлтан Назарбаев Бельгия королімен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Бельгия королімен кездесті

Тараптар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Фото: Аkorda.kz

Қазақстан Президенті Бельгия королі Филиппен кездесті.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Бельгияның саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен перспективаларын, сонымен қатар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Бельгияны әуелден өзара түсіністік пен құрметке негізделген достық қарым-қатынастар байланыстыратынын атап өтті.

Еске салайық, Мемлекет басшысы “Азия-Еуропа” (АСЕМ) форумының XII саммитіне қатысу үшін Брюссельге барған еді.

Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев жоғары деңгейдегі бірқатар екіжақты келіссөз өткізіп, Еуропаның іскер топтары өкілдерімен кездеседі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version