Тек батыста, оңтүстік-батыста күн жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман, көктайғақ, бұрқасын болуы мүмкін.
Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с-қа дейін артады.
Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман болады, таңертең және күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа, Жамбыл облысында екпіні 23 м/с-қа жетуі мүмкін.
Қостанай, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман, қатты жел соғады.
Алматы облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.