Рио-2016: 20 тамыз күні қазақстандық спортшылардан кімдер шығады

Жанкүйерлер Олимпиада құрамасының ту ұстары болған таеквондошы Руслан Жапаровтың жекпе-жектерін көре алады. Мұнымен қатар, еркін күрестен Аслан Кахидзе мен Дәулет Шабанбай медальдарға таласады. Ескек есушілер мен бессайысшылардың да жарысы бүгін жалғаспақ.

Байдарка мен каноэда ескек есу. Спринт. Әйелдер. Байдарка-төрттік. 500 метр. Жұбаныш финалы.

Зоя Ананченко, Ирина Подойникова, Наталья Сергеева, Инна Клинова
Басталуы Астана уақытымен 18.40-та.

Еркін күрес. Ерлер. 86 келіге дейін. Іріктеу кезеңі.
Аслан Кахидзе
Басталуы 19.00-де. Тікелей эфир. (KazSport)

Байдарка мен каноэда ескек есу. Спринт. Ерлер. Байдарка-төрттік. 1000 метр. Жұбаныш финалы.
Илья Голендов, Сергей Токарницкий, Александр Емельянов, Андрей Ергучев
Басталуы 19.04-те.

Еркін күрес. Ерлер. 125 келіге дейін. 1/8 финал.
Дәулет Шабанбай.
Басталуы 19.40-та. Тікелей эфир. (KazSport)

Қазіргі бессайыс. Ерлер. Жүзу.
Павел Ильяшенко
Басталуы 21.00-де.

Таеквандо. Ерлер. 80 келіден жоғары. 1/8 финал.
Руслан Жапаров.
Басталуы: 21.45-те.

ДереккөзҰлт