Басты бет Жаңалықтар Теңге нығая бастады

Теңге нығая бастады

17 қазан күні таңертең қор биржасында 1 доллар құны 363,6 теңге болды.

Фото: Lada.kz

Ұлттық валютаның АҚШ долларына қатысты бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында 363,6 теңгеге дейін нығайды.

17 қазандағы таңғы сауданың бірінші мәмілесі 366,2 теңге деген бағаммен жасалды. Бұл — ең жоғарғы баға. Ең төменгі құны — 362,8 теңге.

Сауданың жалпы көлемі 71,5 миллион долларға жетті.

Kurs.kz мәліметінше, айырбастау пункттерінде долларды 362-363,5 теңгеден сатуға, 363,8-365,5 теңгеден сатып алуға болады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version