Иван Дычко Рио-де-Жанейро Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық Иван Дычко мен ұлыбританиялық Джозеф Джойс финал жолдамасын сарапқа салған еді.

Жартылай финалда қазақстандық спортшы ағылшынның 30 жастағы боксшысы Джо Джойспен жұдырықтасты. Бірінші раундта үш төреші де Дычко басым болды деп шешті. Екінші раунда екі боксшының да шаршап қалғаны байқалды. Сөйтіп, есеп теңесті. Қорытынды раундты төрешілер ағылшынның пайдасына шешті.

Дычко — аса ауыр салмақтың басты фавориті. АИБА рейтингі көш бастаған Дычко болса, Джойс үшінші орында тұрған еді. Енді финалда француз боксшысы Тони Йокамен жұдырық түйістіреді. Дычко болса, жарысты осы жерден тоқтатты. Еліміздің еншісінде қола медаль бар.

Қазақстан жалпы есепте 20-орында тұр. 3 алтын, 5 күміс, 8 қола медаль барын естеріңізге саламыз.