International Education Fair — шетелде білім алғысы келетіндерге тамаша мүмкіндік

Халықаралық «Болашақ» бағдарламасының тәжірибесіне сүйенсек, білім дегеніміз — адамға да, қоғамға да пайда әкелетін адами капиталға салынатын инвестиция.

Мысалы, 25 жылда «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алғандардан күнде күрделі операция жасайтын 32 кардиохирург дайындалды. Ал қазіргі таңда ондай операциялар саны 33 мың болды. Орта есеппен бұл дәрігерлер 35-40 жыл жұмыс істесе, олардың артынан еретін үйренушілер мен ізбасарлар да аз болмас. Алдағы 10-15 жылда отандық медицина қарқынды дамып, еліміз өзінің медециналық қызметін ТМД елдеріне экспорттай алатын болады, — дейді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басшысы Жанболат Мелдешов.

Халықаралық қарым-қатынасты дамыту мен Қазақстан азаматтарына білім алатын елді таңдауға көмектесу мақсатымен бұл орталық жыл сайын Орталық Азиядағы International Education Fair ірі білім беру көрмесін ұйымдастырады. Екі жылда көрмеге 100 мың адам, шетелдік 200 мың университет қатысты.

Съездің ұйымдастырушысы — «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ. Орталықтың мақсаты — адам капиталының дамуы мен Қазақстаннның жоғарғы оқу орындарын интернационализациялау.

Жыл сайын қазақстандық мектеп түлектері көбейіп келеді. Биыл мектеп пен колледж түлектерінің саны өткен жылмен салыстырғанда 20 мыңға өсіп, 297 мың адам болды. 2025 жылға дейін бұл көрсеткіш 400 мың түлекке артады деген болжам бар, — дейді  Жанболат Мелдешов.

Орталық отандық білім беруді танытып, шетелдік студенттерді Қазақстанда оқуға тартып, Орталықазиялық білім беру хабын құру мақсатымен «Қазақстандық білім беру күндері» атты көрмелерді де ұйымдастырады. Алғашқы бастамалар 8 елде өтті. Нәтижесінде қазір елімізде 14 мың шетелдік студент оқиды. Орта есеппен көрсеткіштер жыл сайын 1000 студентке артып келеді. Ал шетелдік университеттерде оқитын қазақстандық студенттердің саны 100 мың екен.

Жастармен жұмыс істеу — басты мақсат. Қазақстан Президентінің халқына арнаған Жолдауында алдағы жылды «Жастар жылы» деп жариялағаны бәрімізге белгілі. Сондықтан біз де экономиканың дамуына үлес қосатын жоғарғы білікті маман дайындау үшін барымызды саламыз. Бұл бағытта біздің Орталық кешенді жұмыс бастады. Қазақстанда өтетін әлемдік ЖОО-лар съезі — бұған дәлел. Сонымен қатар біз білім беру саласындағы серіктес ЖОО-лармен қарым-қатынасты жақсарту жұмыстарын өткізіп жатырмыз. Нәтижесінде бүгінде Орталық Құрлықтық Еуропа мен Азия елдері Қазақстан студенттеріне шетелде тегін білім алуға 20 мың грант бөлді, — дейді Жанболат Мелдешов.

Көрме барысында қатысушылар шетелдік 150 университетпен және білім беру бағдарламаларымен таныса алады. Көрмеге шетелдің жетекші университеттері (АҚШ, Ұлыбритания, құрлықтық Еуропа елдері, Азия мен ТМД), тіл мектептері, білім беру агенттіктері, халықаралық стипендия бағдарламасының өкілдері, мектеп оқушылары, студенттер, ата-аналар мен басқа да азаматтар қатыса алады.

Көрменің өтетін уақыты:
Астана, 10-11 қараша
Атырау, 12-13 қараша
Шымкент, 14-16 қараша
Алматы, 17 қараша