Басты бет Жаңалықтар Малайзия қазақстандық бизнесмендермен серіктестік орнатпақ ниетте

Малайзия қазақстандық бизнесмендермен серіктестік орнатпақ ниетте

30 қазанда Алматыда Қазақстан–Малайзия Іскерлік кеңесі өтеді. Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Қазақстан–Малайзия Іскерлік кеңесінің инаугурациялық отырысына қатысуға шақырады, отырыс шеңберінде екі елдің мемлекеттік және іскерлік топтарының қатысуымен бизнес-форум өтеді.

Фото: Сыртқы сауда палатасы баспасөз қызметі

Сыртқы сауда палатасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, шараның басты мақсаты – қатысушыларды Қазақстан мен Малайзия арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерімен таныстыру, сонымен қатар әлеуетті бірлескен жобаларды талқылау, бизнес әріптестерді іздеу және елдер арасындағы іскерлік байланыстарды жандандыру үшін алаңдар ұсыну.

Бизнес-форум шеңберінде В2В кездесулер өткізу, өзара түсіністік туралы бірқатар меморандумдарға және ынтымақтастық туралы шарттарға қол қою жоспарланып отыр.

Іскерлік кеңес жұмысына Қазақстан мен Малайзияның ресми тұлғалары, екі елдің ұлттық компанияларының, экономиканың түрлі секторларындағы ірі бизнес өкілдері қатыспақ.

Шара Royal Tulip Almaty қонақүйінде өтеді. Басталуы сағат 09.00-де. Бизнес-форумға қатысуға ниет білдіргендер мына сілтемеге өтіп тіркеле алады.

Айта кетейік, шараны MATRADE Малайзияның сыртқы сауданы дамыту корпорациясының қолдауымен Қазақстан-Малайзия Іскерлік кеңесі, Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшілігі, «Атамекен» ҚР ҰКП және Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы ұйымдастырады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version