Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі аясында «Бейбітшілік қабырғасы» монументі алдында әлемдік дін басшылары бір уақытта мінажат етті.
Дін басшыларының Құдайға сыйыну процедурасы бірнеше минутқа созылды. Осыдан кейін «Бейбітшілік қабырғасының» алып экранынан әлемдегі ең ірі апаттар, ядролық қару жарылыстары туралы видео көрсетілді. Мәтін орыс тілінде болғанымен қатысушылар үшін тікелей аударма жүргізілді.
Кеше Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі басталды. Қазақстан Президенті әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларын діни құндылықтарды саяси идеологемалардан ажыратуға күш салуға шақырды.
«Бейбітшілік қабырғасының» 29 тамыз күні ашылғанын еске сала кетейік.