Басты бет Жаңалықтар 11 қазандағы ауа райына болжам

11 қазандағы ауа райына болжам

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжауынша, Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек республиканың солтүстігінде және солтүстік-батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз, жауын-шашын болады.

Фото: 1zoom.me

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түсуі мүмкін.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай, облыстарында жел екпіні 15-20, күндіз кей жерлерінде 23-28 м/с күшейеді.

Ақмола облысында түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар облысында, түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының кей жерлеріне тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел екпіні 17-22 м/с күшейеді. Түркістан, түнде және танертең Қарағанды, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болуы мүмкін.

Манғыстау облысында, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей  жерлерінде өрт шығу қауіпі бар.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version