Басты бет Жаңалықтар Су тасқынынан Солтүстік Қазақстанда жол жабылды

Су тасқынынан Солтүстік Қазақстанда жол жабылды

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны салдарынан «Челябі - Новосібір» тасжолы учаскесінің 528 шақырымы жабылды.

Фото: Inform.kz

Кеше сағат 19:00-ден бері 525-530 шақырым тасжолы жеңіл көліктер үшін жабылды. Жолдың жабылуына Есіл өзеніндегі су деңгейі көтеріліп, су тасқынының болуы себеп болған.

Петропавл қаласы арқылы айналма жолдың бар екендігі хабарланды.

Еске салайық, бұдан бұрын «Қазгидромет» РМК филиалының директоры Қымбат Мерғалымова 29 сәуір — 2 мамыр арылығында су тасқыны күшейіп, судың деңгейі 1060 сантиметрге жететінін ескерткен болатын.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version