Басты бетЖаңалықтарАлматыда ашылған...

Алматыда ашылған жаңа кітап дүкені рухани іс-шаралар алаңына айналады

Алматыда «Алматыкітап баспасының» жаңа форматтағы Кітаптар үйі ашылды.

"Алматыкітап"
Фото: «Алматыкітап баспасы»

Кітап саудасының жаңа нүктесі Абай және Назарбаев даңғылдарының қиылысында орналасқан. «Алматыкітап баспасы» директорлар кеңесінің төрайымы Элеонора Баталованың айтуынша, компанияның негізгі міндеті — қалың жұртшылықтың кітапқа деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру.

Білім мен жаңашылдыққа құмар оқырмандар кітапты қолына алған сәтінен бастап кітап әлеміне сапар шегеді. Заманауи үлгідегі кітап дүкенінде әрбір оқырманның кітап әлеміндегі жаңалықтардан хабардар болып, білім нәрімен сусындауына барынша мүмкіндік жасалған, — деді мекеме басшысы.

Кітап дүкенінің жұмыс жоспарында кітап көрмесі, жаңа кітаптардың таныстырылымдары, викториналар мен конкурстар, пікірталастар, авторлармен кездесулер сияқты іс-шаралар өткізу жоспарланған. Демалыс күндері актерлар мен журналистер, кәсіпкерлер мен жазушылар, танымал тұлғалар мен студенттер жиналған көпшілікке кітап оқып береді. Бүлдіршіндерге кітап оқып беру де қарастырылған. Өткізілетін барлық іс-шара кітап мекемесінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланып тұрады.

"Алматыкітап"
«Алматыкітап баспасының» жаңа дүкенінің ашылу салтанаты. Фото: «Алматыкітап баспасы»

Дүкеннің жаңа дизайны тартымды, сәнді интерьерімен ерекшеленеді. Әрбір сөреге жарықшамдар орнатылған. Классикалық музыка мен ұлттық ән-күй ойналып тұрады. Қалаған кітапты қиналмай табуға мүмкіндік беретін сілтемелер қарастырылған.

«Алматыкітап» білімдік кітап желісінің жаңартылған дүкенінің ашылуына мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.

«Алматыкітап баспасының» каталогы үнемі жаңартылып, толықтырылып отырылады. Каталогтың басты тақырыбы — көркем және балалар әдебиеті, оқулық және оқу-әдістемелік құралдар, ғылым, бизнес, бос уақыт пен шығармашылық салаларының ең танымал еңбектері. Дүкенде заманауи поэзия мен проза, психология бойынша басылымдар кеңінен ұсынылған.

Дүкеннен отандық және шетелдік баспалардың алуан түрлі тақырыбы бойынша басылымдарының кең ауқымды ассортименттерін көруге болады.

Тұтынушыларға кітаптарға Астана мен Алматыдағы 12 дүкен және сайт арқылы тапсырыс бере алады. Айтпақшы, тауарды жеткізіп беру қызметі де бүкіл ел бойынша жұмыс істейді.

Елбасының Қазақстандағы барлық саланы цифрландыру тапсырмасы аясында жаңа заманғы кітапхана пайда болды. Онда кітапқа электронды түрде тапсырыс беруге болады. Кітапхана басшысының айтуынша, бұл азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттырады.