«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, 10 қазан күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. Тек республиканың оңтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болып, жауын-шашын түседі. Өңірлерде жел күшейіп, кей жерлерді тұман басады.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды Алматы облыстарының жекелеген аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Манғыстау, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрынғысынша дала өрті қаупі күшті болады.
Түркістан облысында түнде кей жерлерде топырақ бетінде 2 градус ызғар болады.