Астанада халықаралық қаржы орталығының Үздіксіз кәсіби дамыту бюросының ұйымдастыруымен Құнды қағаздар жөніндегі комиссия халықаралық ұйымы (IOSCO) қамқорлығымен «Ислам қаржысы күні» өтті.
«Исламдық қаржыландыру апталығы-2018» — жыл сайын өткізілетін халықаралық тәжірибе алмасу және исламдық қаржыландырудың қаржылық сауаттылығын дамыту және арттыру жөніндегі нарық қатысушылары мен халықаралық серіктестермен сындарлы диалог құруға арналған алаң. Жаһандық науқанның шеңберінде өткен іс-шара ислам қаржы саласының мамандарын біріктіруге, оларды қолдау және кәсіби дамыту мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге бағытталған.
Исламдық қаржыландыру күніне арналған жиынға АХҚО басқарма төрағасы Нұрлан Құсайынов, Халықаралық арбитраж орталығының мүшесі және АХҚО ислам қаржысы жөніндегі консультативтік кеңестің мүшесі Шейх Билал Хан, AAOIFI-да кәсіби даму бөлімінің бастығы Фархан Нұр, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жоғары экономика мектебінің деканы Римма Сағиева, INCEIF Executive Education & E-Learning жөніндегі директоры Зияд Магомед, «әл-Сакр Финанс» компаниясының корпоративтік даму жөніндегі басқарушы директоры Думан Нұрбаев, Al Hilal Bank АҚ Астана филиалының директоры Жақсылық Жұманов, Amanie Advisors CIS атқарушы директоры Олжас Тоғаев, «Заман Банк» бас директоры Гүлфайруз Асаева, WAQYP корпоративтік қайырымдылық қорының президенті Қайрат Айтбай, Otbasy Labs компаниясының басқарушы директоры Бақытжан Дос қатысты.
Біз исламдық қаржыландыру «Астана» халықаралық қаржы орталығының базасында болады деп ойлаған болатынбыз. Алайда 5-10 жылға ілгері қарап, мүмкін болашақта біз «Астана» халықаралық қаржы орталығында емес, басқа бағытта өзгеріп кетерміз деп, біз компанияның айналасында емес білікті мамандардың аясында қауымдастық құрған дұрыс деген шешімге келдік. Себебі, кәсіби мамандар жұмысын ауыстырса да, мәселен, банктен университетке немесе университеттен басқа жаққа ауысса да мамандар қауымдастықтың мүшесі болып қала береді. Сол себепті исламдық қаржыландыру саласының үздік мамандарының қауымдастығын құру мақсатымыз болды, — деді «Астана» халықаралық қаржы орталығы әкімшілігі басқармасының мүшесі, басқарушы директоры Ернұр Рысмағамбетов.
Жиында бұл күні әлемдік исламдық қаржыландыру бойынша үздік мамандардың ондығына кіретін шейx Билал Хан кейбір қаржылық институттардың әлі күнге дейін неге исламдық қаржыландыруды ендіре алмайтындығын түсіндіріп берді.
Исламдық қаржыландыруға келгенде шариғаттың ролін дұрыс түсіне білу қажет. Біз тек құжаттарға емес, кез келген транзакцияның құрылысына зер салып қараймыз. Себебі исламдық қаржыландыруда көптеген қателіктер техникалық құжаттарды дұрыс қарамағандықтан болады. Тек заңды тұрғыда қарап қоймай, заңды форманың экономикалық құрылымын да ашып қадағалау керек. Өйткені, исламдық қаржыландыру ең бастысы, әлеуметтік-экономикалық теңдік пен әділдік үшін пайда болған. Яғни, мүмкіндігі көп адамдар мүмкіндігі аз адамдарға көсмектесуі алуы керек, кіріс пен тәуекел дұрыс үлестірілуі қажет. Бұл деген банк ипотека бергені үшін сізден қаражат алып қана қояды деген сөз емес. Банк сіздің қаржылық жағдайыңызды бақылап отырады. Исламдық қаржыландыруға кері мысал ретінде өзге қаржы институттарын алсақ, олар несие берген адамдарға тек қаржылық тұрғыдан қарастырады. Бұған жауапкершілікпен қарау қажет. Бұл исламдық қаражаттың маңызы, біз бұған қол жеткіземіз, — деді «Астана» халықаралық қаржы орталығының исламдық қаржыландыру жөніндегі консультативтік кеңесіне және Халықаралық арбитраж орталығы басқармасы құрамына кіретін маман.
Сонымен қатар Билал Хан араб өнімдерінің барлығы исламдық қаржыландырылған деген сөз емес екендігін айтып, қазіргі уақытта исламдық қаржыландыруға мұсылман емес халықтардың да назары ауа бастағанын айтты.
Мәселен, басқаратын активтері де, құралдары да көп Ватикан қазіргі уақытта исламдық қағидалар бойынша инвестиция құю жолдарын қарастырып жатыр. Себебі, қазіргі адамдар дәстүрлі қаржы құралдарынан шаршады. Бүгінгі банк жүйесінде өкінішке қарай спекулянттар көбейді. Ақша айналымда болғанымен, негізі жоқ. Жай ғана активтерсіз «дебит-кредит». Ал исламдық экономика шынайылыққа жақын. Қаржыландырудың жауапкершілігі де жоғары, — деді Билал Хан.
Сонымен қатар ол араб өнімдерінің барлығы исламдық қаржыландырылған деген сөз емес екенін атап өтіп, қазіргі уақытта исламдық қаржыландыруға мұсылман емес халықтардың да назары ауа бастағанын айтты.
Айта кетерлігі, Исламдық қаржыландыру апталығы барысында INCEIF Training-of-Trainers (ToT) саланың тренерлерді даярлау үшін оқыту бағдарламасын өткізді. Қатысушылар исламдық қаржыландыруда және оқыту әдістерінде Professional Certificate in Islamic Finance (PCIF) сертификатының негізгі модульдерімен танысты.
Ислам қаржысы апталығы 2018 жылдың 8-10 қазанында Астанада AAOIFI CIPA семинарымен аяқталады. Үш күндік курс «Шариғат стандарттары және шариғат бойынша менеджмент модулдері» бөліміне арналады және AAOIFI Certified Islamic Professional Accountant (CIPA) исламдық қаржы институттарының бухгалтерлік есеп және аудиттің халықаралық ұйымымен серіктестікте үш күндік біліктілік семинары ұйымдастырылады.
CIPA — исламдық қаржы институттарын есепке алу саласындағы барлық халықаралық банктік операцияға, инвестицияларға және Takaful сегменттеріне қызмет көрсететін жалғыз халықаралық біліктілік. CIPA бағдарламасы ислам қаржы индустриясында адами ресурстар саласындағы мүмкіндіктерді дамытуға және кеңейтуге бағытталған. Негізгі мақсат — Шариғатта исламдық қаржыландыру, қаржылық есептілік және аудит саласындағы мамандардың санын арттыру.