Басты бетЖаңалықтарМедицина қызметтерінің...

Медицина қызметтерінің тарифі бекітілді

Қыркүйекте ҚР Денсаулық сақтау министрі «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтердің тарифтерін бекіту туралы» бұйрыққа қол қойды.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұйрықта медициналық көмек (дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған, медициналық-әлеуметтік) және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге тарифтер көрсетілген.

Бекітілген тарифтер — мемлекеттің медициналық ұйымдарға бір емделіп шығуы үшін емдеуге бюджеттен бөлінетін медициналық қызметтердің құны. Медициналық қызметтің құны пациенттерге көрсетілген медициналық көмектің түріне қарай құбылады. Бұйрық бойынша акушерлік-гинекологиялық және неонатологиялық қызметтерге, сонымен қатар күрделі ауруларды емдеуге төлем енгізілген.

Бұл бұйрық медициналық ұйымдарды, яғни Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен медициналық қызметтер көрсету туралы шарттары бар медициналық ұйымдарды қамтиды.

Осы тарифтер медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шегінде азаматтарға тегін көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған мемлекеттің шығыстары екенін атап өту қажет.