Басты бетЖаңалықтарАтырауда қала...

Атырауда қала күні тойланды

Атырауда Қала күніне ұйымдастырылған мерекелік шаралар өз мәресіне жетті. Бұл туралы Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Қала күні мерекесіне орай Қазақстан мен Ресей эстрадасының жұлдыздарының қатысуымен өткен гала-концерт 20 мыңға жуық көрермен жинады. Халық алдында Атырау әкімі Әлимұхаммед Құттұмұратұлы қала дамуының оң динамикасын атап өтті.

Биыл Атырауда рекордтық тұрғын үй, қала маңындағы ауылдық округтерде жаңа жолдар салынатын болады және балабақшалар мен мектептердің құрылысы белсенді жүргізіліп жатыр. Көшені жарықтандыру бойынша жобалар іске асырылып, қоғамдық көлік тұжырымдамасы енгізілді. Қалада шағын және орта бизнес субьектілерін дамыту үшін барлық жағдайлар жасалып отыр. Бүгінде отандық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың әлеуметтік жауапкершілігінің арқасында қала күн сайын көркейіп келеді. Атыраулық барша тұрғынды Қала күнімен құттықтаймын және Сіздерге және отбасыларыңызға денсаулық пен бақыт тілеймін, — деді Әлимұхаммед Құттұмұратұлы.

Сонымен қатар облыс орталығында Әлеуметтік және қайырымдылық жобаларды жүзеге асыратын демеуші компаниялар мен меценат кәсіпкерлер марапатталды. Елбасының «Болашақка бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында кәсіпкер Ибрагим Ақдрашев, депутат Әлібек Семғалиев, «Өмір гүлі» ансамблінің жетекшісі Таныш Жакупова, «КТК және К» компаниясының және Wheels brothers мотоклубының өкілдері түрлі номинация бойынша марапатталды.

Атырау күні
Фото: Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі
Көрермендер алдында аймақтың жергілікті шығармашылық ұжымдары, қазақстандық және ресейлік эстрада жұлдыздары — Мәдина Сәдуақасова, Райм мен Артур, Natan және MBand өнер көрсетті. Мереке соңында қала тұрғындары мен қонақтары музыкалық отшашуды тамашалады.