Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы басталды. Жолдау еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналды. «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Жолдаудың мәтіндік трансляциясын таратып жатыр.
Жиынға ҚР Парламенті депутаттары, ҚР Үкіметі мүшелері, ҚР Жоғарғы Соты, Конституциялық Кеңесі және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган басшылары, ұлттық компаниялардың бірінші басшылары, ірі қоғамдық ұйым жетекшілері, БАҚ өкілдері қатысып жатыр.
Мемлекет басшысы ең төменгі жалақының мөлшерін 1,5 есе арттыруды тапсырды. Бұл арқылы 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақысы төмен 1,3 миллион қазақстандықтың кірісі өседі.
2019 жылғы жұмыстарға арналған Жолдауды бүгін жариялаймын. Біз тәуелсіздік жылдарында сіздермен бірге көп жұмыс атқардық. Экономикасы қарқынды дамып келе жатқан замануи прогрессчивті мемлекет құрып, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз еттік, бұл — үлкен байлығымыз сапалы әрі тарихи маңызы зор құрылымдық конституциялық және саяси реформалар жүргіздік, — деді Елбасы.
Президенттің мұның алдындағы “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” атты Жолдауы 2018 жылдың 10 қаңтарында жарияланған еді.