Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

«Яндекс» Қазақстандағы жауын-шашын картасын енгізді

Фото: yandex.kz

Жауын-шашын болжамы 10 минуттық аралықпен екі сағат алға есептеледі: ауа райы 10, 20, 30 минуттан кейін және одан да ары қай жақта қалай өзгеретінін көруге мүмкіндігі бар. Қызметтің басты бетінде ауа райы болжамын картаны ашпай-ақ көруге болатын ескертулер шығады: «Жарты сағаттың ішінде жаңбыр басталады» немесе «Алдағы екі сағатта қар аралас жаңбыр тоқтамайды».

Жауын-шашын картасы жаңбырдың астында қалмауға көмектесіп қана қоймайды, оны бақылау да қызықты. Мәселен, қолайсыз ауа райы Алматыдан Астанаға дейін қашан жететінін, немесе әлемнің қай жеріне жауын бұлты жиі баратынын белгілеуге болады.

Жауын-шашынды болжамдау үшін «Яндекс» жерсеріктен түсірілген суреттерді пайдаланады. Бұл суреттер әр бірнеше минут сайын жіберіледі. Үйретілген нейрондық желі ғарыштан жасалған атмосфераның суреттерін өңдеп, жауын-шашын аймақтарының ауысуын болжайды.

Дәл қазір Қазақстан тұрғындары жауын-шашын картасын «Яндекстің» iOS және Android операциялық жүйелеріндегі мобильдік қосымшасынан көре алады. Сондай-ақ, yandex.kz/pogoda сайтына кіріп те бақылауға болады. «Яндекс.Погода» қосымшасында карта жақын арада іске қосылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version