Басты бет Жаңалықтар 5 қазанда ауа райы қандай болады?

5 қазанда ауа райы қандай болады?

Жұма күні антициклон еліміздің көп бөлігінің тұрғындарына жауын-шашынсыз ауа райын сыйлайды.

Фото: Updoc.site

«Қазгидромет» РМК мамандарының хабарлауынша, 5 қазан күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде антициклон жоталарының әсерінен жауын-шашын болмайды, тек республиканың батыс бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады, оңтүстік-батыста найзағай ойнайды. Республиканың басқа өңірлерінде жел күшейіп, тұман түседі.

Алматы облысындағы Жалаңашкөл маңында жел 18-23 м/с-қа күшейеді. Жамбыл, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында жел 15-22 м/с-қа күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Атырау облыстарының жекелеген аудандарында түнде және таңертең тұман түседі, күндіз 15-20 м/с жел соғады. Оңтүстік, батыс, орталық облыстарда ауа температурасының жоғары болуынан дала өрті қаупі күшейеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version