Орынгүл Арыстан жарты сағатта 30 мың есеп шығарды

Дарынды оқушы Санкт-Петербургке 120 мемлекеттен келген 150 қыз арасында үздік шығып, жеңімпаз атанды.

Шетелден көп дос таптым. Осыдан бір жыл бұрын Малайзияда өткен жарыстың қатысушыларын кездестірдім. Қатысқаныма екі жыл ғана болса да, біраз жетістікке жеттім. Қуаныштымын! — дейді Орынгүл Арыстан.

Азия рекорд кітабы және әлемдік рекорд кітабы өкілдерінің шешімі бойынша, осы жарыста тарихта алғаш рет ұзақ математикалық есеп шығарылған. Рекорд  World Book Records (WBR) кітабына енді.

Осы жарысқа қатысу арқылы ойлау қабілетін дамытып қана қоймай, әлемдік деңгейде таланты мен дарынын дәлелдеді. Қазақстанның атын халықаралық деңгейге шығарды. Қуанышымыз шексіз, — дейді ұстазы Қарлығаш Абдреимова.

Орынгүл Арыстан Ақтаудағы №17 мектептің 6-сыныбында оқиды. Қазір халықаралық интеллектуалдық даму академиясының UCMAS атты Актаудағы филиалында қосымша оқып жатыр, 4-деңгейге жеткен.

ДереккөзInform.kz