Басты бет Жаңалықтар Астана жәрмеңкесіне екі облыс мың тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімін әкеледі

Астана жәрмеңкесіне екі облыс мың тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімін әкеледі

Алдағы демалыс күндері Астананың 20 жылдығына орай Қарағанды және Қызылорда облыстарының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. 

Фото: Kazanfirst

Астана әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарағанды және Қызылорда облыстары жәрмеңкеге ет және сүт өнімдерін, жұмыртқа, балық, көкөніс, жеміс және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін қояды.

Жәрмеңке «Қазақстан» спорт кешенінің жанындағы алаңда өтеді. Онда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер және «Корпорация Қарағанды — НАН», «Нәтиже Сүт Фабрикасы» ЖШС, «Еуразиан Фудс» АҚ, «Бидай НАН» ЖШС, «Фирма Тұлпар» ЖШС тәрізді өңірлік компаниялар өнімдерін әкеледі.

Жәрмеңке аясында бауырсақ және қымыз фестивалі өтеді. Сонымен қатар облыстардың шығармашылық ұжымдары концерт қояды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version