Басты бет Жаңалықтар 2019 жылы дәрі-дәрмек бағасын реттеу жүйесі енгізіледі

2019 жылы дәрі-дәрмек бағасын реттеу жүйесі енгізіледі

Министрлік халықтан түскен мыңдаған шағымды талдаған.

©24.kz

2019 жылдан бастап барлық дәрі-дәрмек бағасын реттеу жүйесі енгізіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.

Өзекті проблемалардың бірі — азаматтардың дәрімен қамтамасыз етілу құқықтарын сақтау. Біз халықтан түскен 3000-нан астам шағымға талдау жүргіздік. Олардың негізгі себептерінің бірі — дәрілік заттарды сатып алуды жоспарлаудың тиімсіз жүйесі, дәрілік қамтамасыз ету рәсімдерінің ашық болмауы, — деді министр.

Оның айтуынша, 2016-2017 жылдары 11 өңірде жалпы сомасы 4,3 миллиард теңге болатын өтпеген дәрілік зат анықталған.

Мемлекеттік бағдарламада көзделген азаматтарды дәрілік қамтамасыз ету жөніндегі шаралар мыналарды қамтамасыз етеді: барлық тегін дәрі-дәрмек беру дербестендірілген электрондық есепке алынады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2019 жылдан бастап барлық дәрі-дәрмек бағасын реттеу жүйесі әзірленіп, оны іске қосу және дәрі-дәрмекті ілкі қадағалау жүйесі енгізіледі, — деді Елжан Біртанов.

Министрдің мәліметінше, 2020 жылға қарай дәрілік қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесі арқылы рецепттік препараттар электрондық түрде жөнелтіледі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version