Қазіргі тоңазытқыштардың жұмыс істеу принципін кім ойлап тапты?
Please select 2 correct answers
Тоңазытқышты о баста америкалық инженер-конструктор Оливер Эванс ойлап тапты. Оның ең алғашқы тоңазытқыш машинасының үлгісі тәжірибеде сәтсіз болып, іске аспады. 1834 жылы Якоб Перкинс Оливер Эванстың үлгісін негізге ала отырып, буды қысу арқылы жұмыс істейтін тоңазытқышты жасап шықты да, оған патент алды. 1841 жылы дәрігер Джон Горри компрессорлардың көмегімен салқындататын қазіргі тоңазытқыштардың жүйесін жасап шығарды.
Ең алғашқы механикалық көлік құралын құрастырған кім?
1769 жылы әлемдегі өздігінен қозғалатын ең алғашқы механикалық көлікті Николас Джозеф Кагнот құрастырды. Ол бумен жүретін көлікті Францияның соғыс министрі Этьенн Франсуа де Шуазёльдің тапсырмасы бойынша әскерге арнап шығарған.
Электр энергиясын ойлап тапқан кім?
Ағылшын ғалымы Майкл Фарадей электр қозғалтқыштың алғашқы моделiн жасап, электромагнит индукциясын ашты. Сонымен қатар физика және химия ғылымдарына бiрнеше ұғым енгiздi. Олар: қозғалғыштық, катод, анод, иондар, электролиз, электродтар және вольтметр. 1830 жылы ғылымға өрiс ұғымын ұсынып, 1845 жылы алғаш рет “электромагнит өрiсі" терминiн пайдаланды, ал 1852 жылы өрiс концепциясының формуласын жазды.
Ыдыс жуатын машина - кімнің өнертабысы?
1886 жылы Джозеф Кокрейн ыдысжуғыш машинаны патенттеді. Өнертапқыш әйелге инженерлердің отбасында өскендіктен мұндай техниканы ойлап табу қиынға соқпаған. Бұл техника тек 40 жылдан кейін тұрмыста қолданыла бастады.
Қағазды ойлап тапқан кім?
Қытай шебері Цай Лунь император сарайына кіріп, 105 жылы қағаз өндірісінің технологиясы туралы баяндамасын қорғады. XIII ғасырда Еуропада қолжазба кітап өркендеп, жаңа әріптер мен айдарлар қолданыла бастады. Кітап мұқабалары алтын, күміс, тағы басқа металдармен өрнектелді.
Әлемге телефон сыйлаған кім?
1976 жылы 10 наурызда телефонды ойлап тапқан - шотланд ғалымы Александр Грэхем Белл. Әкесі дыбыстарды жазбаша нышандармен белгілейтін көрнекі сөз жүйесін шығарған. Белл телефонды қолданысқа шығарған кезінде саңырауларға арналған мектепте мұғалім болып жұмыс істеп жүрген.
Бөлме температурасын реттейтін кондиционерді кім ойлап тапты?
Кондиционерді 1902 жылы 25 жастағы Уиллис Хэвилэнд Керриер ойлап тапты. Ол оны "ауаны реттейтін аппарат" деп атады. Керриердің өнертабысы ең алғаш рет Миннеаполис қаласындағы үйде орнатылған.
Интернеттің пайда болуы кімдердің есімімен байланысты?
Please select 2 correct answers
Интернетті ағылшын ғалымы Тимоти Джон Бернерс-Ли әріптесі Роберт Кайомен бірге ойлап тапты. 1991-1993 жылдары Тимоти Джон Бернерс-Ли URI, URL, HTTP, HTML тілдерін жасап шығарды.
Асты жылытуға арналған қысқатолқынды пешті кім құрастырып шығарды?
1945 жылы 8 қазанда американ өнертапқышы Перси Лебарон Спенсер қысқатолқынды пешті патенттеді. Оған мұндай идея магнетрон құралының жанында тұрғанда қалтасындағы шоколад еріп кеткенде келген.
Электр шаңсорғыштың патенті кімге тиесілі?
Ағылшын инженері Хьюберт Сесил Бут 1901 жылы электр шаңсорғышқа патент алды. Шаң тазалайтын машина үлгілері оған дейін де жасалған, бірақ олар шаңды сорып, жинай алмайтын болды.
Әлеуметтік желіде бөлісу: