Басты бетЖаңалықтарМемлекеттік кірістер...

Мемлекеттік кірістер комитеті салық берешегі бар тұлғаларға арнап мәлімдеме жасады

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті салық берешегі бар азаматтарға 2018 жылдың 1 қазанынан бастап қандай жаза қолданылатынын айтты.

Комитеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, әлеуметтік желіде салық берешегі бар азаматтарға банк қызметтері көрсетілмейді деген жалған ақпарат тараған.

2017 жылдың мүлік және жер салығы бойынша жеке тұлғалардың салық төлеу мерзімі 2018 жылдың 1 қазанында бітеді.

Салықты төлемеген жағдайда жеке тұлғада бересі пайда болады, ол сомаға күн сайын өсімпұл қосылып отырады.

Банктер салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша қарызы бар салық төлеушіге банктік шотты ашудан бас тартуға міндетін қарастыратын Салық кодексінің ережесі 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап заңды күшіне енгізілгеніне назар аударамыз (Салық кодексінің 24-бабы 15) тармақшасының төртінші жолы). Аталған норма мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді алуға арналған банктік шоттарды, «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттарға таратылмайды, — делінген хабарламада.

Егер ондай тұлғада салықтық берешегі бола тұра, осы мақсатта жеке тұлғамен банктік шот ашылатын болса, банк оны ашудан бас тарата алмайды және басқа қызметтерді көрсетпеуіне құқығы жоқ.

Салық төлеушілер қарызы туралы комитеттің www.kgd.gov.kz интернет-ресурсынан және «Электрондық үкімет» порталынан білуіне болады.

Сонымен қатар қазіргі уақытта мемлекеттік кірістер органына келетін салық төлеушілер санының күрт өсуін ескере отырып, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті:

  • қызмет көрсету орталықтарының жұмыс уақытын 20.00-ге дейін ұзартты;
  • сайтта есептелген салықтар бойынша ақпаратты алу үшін мемлекеттік кірістер органдарының телефон нөмірін қосты (Басты бет – Біз туралы – Халықпен жұмыс);
  • салық төлеушілерге қызмет көрсету үшін қосымша қызметкерлерді бөлді;
  • сенбі, 2018 жылдың 29 қыркүйегін қызмет көрсету орталықтарына жеке тұлғаларға қызмет көрсету үшін жұмыс күні деп белгілеуге ұсыныс жасады.