Басты бетЖаңалықтарАстанада қарттар...

Астанада қарттар күніне орай турнир ұйымдастырылады

Астана әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 2 қазанда тойланатын Қарттар күніне орай турнир өтеді.

Бүгін «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында осында тұратын жасы егде қарттар арасында дойбыдан турнир басталды. Ойыншылардың арасында қазақтың дәстүрлі ойыны — тоғызқұмалақтан ел чемпионы да бар екен. Қатысушылар екі ойыншыдан алты жұпқа бөлініп, жеребе тастады. Ойын дойбының классикалық ережесі бойынша өтті.

Мұндай шаралар айына кем дегенде бір-екі рет өтіп тұрады. Турнирлер көбіне мекемеде немесе әкімдікпен, департаментпен бірлесіп өткізіледі. Біздің спортшылар қалалық және республикалық шараларына қатысады. Ойындар теннистен, бильярдтан, дарцтан, дойбы, шахмат, ұлттық ойындар, арқан тарту және басқа да белсенді спорт түрлерінен өткізіледі, — деді жүзуден және спорттық ойындардың инструкторы мен турнирдің судьясы Вера Анисифорова.

Демалыс күндері шахматтан және ұлттық ойын — тоғызқұмалақтан турнир өтеді. Жеңімпаздар барлық спорттық ойын аяқталған соң марапатталады.