Илья Ильин ауыр атлетикадан әлем чемпионатына қатыса ма?

Бапкерлер кеңесі Түрікменстанда өтетін әлем чемпионатына баратын құрамды бекітті.

Илья Ильин
Илья Ильин. Фото: Bnews.kz

2018 жылдың 1-10 қарашасы аралығында Ашхабадта ауыр атлетикадан өтетін әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының құрамы бекітілді. Бұл туралы Қазақстан Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Жуырда федерацияның бапкерлер кеңесі мен қазір Сочиде жаттығып жатқан ауыр атлетикадан ұлттық құраманың бапкерлік штабының кеңейтілген отырысы өтті. Федерация басшылығының қатысуымен өткен отырыста алдағы әлем чемпионатына дайындық талқыланды. Бұл чемпионат – IWF-тің (International Weightlifting Federation) 2020 жылы Токиода өтетін XXXII Жазғы Олимпиадаға жолдама беретін алғашқы турнирі. Бапкерлер кеңесі әлем чемпионатына баратын құрамды бекітті.

Кеше ғана федерацияның кеңсесіне IWF-тан өтініш берілген команда құрамын Ашхабадта өтетін әлем чемпионатына жіберу туралы ресми мақұлдау келіп түсті. Алдағы чемпионат атлеттеріміз үшін дисквалификациядан кейінгі алғашқы халықаралық турнир болатыны белгілі. Дисквалификация кезінде бізге белгілі бір талаптар мен міндеттемелер қойылды, оларды федерация толық көлемде орындады, алынған құжат соны растайды. Құраманың өзіміз бекіткен құрамының әлем біріншілігіне жіберіліп отырғаны маңызды болып тұр, – дейді ҚР Ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы Алексей Головин.

ҚР Ұлттық құрама командасының бекітілген құрамы:

Ерлер:

– Арли Чонтей, 55 келіге дейін;

Фархад Харки, 67 келіге дейін;

Нижат Рахимов, 73 келіге дейін;

– Айдар Қазов, 81 келіге дейін;

– Денис Уланов, 89 келіге дейін;

– Рүстем Сыбай, 96 келіге дейін;

Илья Ильин, 102 келіге дейін;

– Александр Зайчиков, 109 келіге дейін;

– Ибрагим Берсанов, 109 келіге дейін;

– Елдос Сайлау, +109 келіге дейін.

Әйелдер:

Зүлфия Чиншанло, 55 келіге дейін;

– Сәуле Сәдуақасова, 59 келіге дейін;

– Асем Садықова, 64 келіге дейін;

– Карина Горичева, 64 келіге дейін;

– Надежда Лихачева, 71 келіге дейін;

– Екатерина Столяренко, 71 келіге дейін;

– Екатерина Быкова, 76 келіге дейін;

– Раушан Мешітханова, 87 келіге дейін;

– Айзада Мүптілда, +87 келіге дейін;

– Александра Аборнева, +87 келіге дейін.

Ауыр атлетикадан 2018 жылғы әлем чемпионаты IWF Атқарушы комитетінің 2018 жылдың шілдесінде қабылдаған жаңа категорияларға сай өтеді. ҚР Ауыр атлетика федерациясы жақында өткен Қазақстан чемпионатында алғашқылардың бірі болып салмақ дәрежесінің жаңа форматын енгізді.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!