Басты бетЖаңалықтарАстана таэквондошылары...

Астана таэквондошылары Ашық Азия чемпионатынан 12 медальмен оралды

Рейтингтік турнирге түрлі мемлекеттен 300-ден аса спортшы қатысты. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жарыста Астана әкімдігінің Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебінің (МЖСШМ) оқушылары мен «Жігер» спорт клубының атлеттері де күш сынасты.

МЖСШМ спортшылары Ашық Азия чемпионатынан елге алты жүлдемен оралды. Меруерт Көпболсынова мен Эльдар Бірімбай алтын алса, Айнагүл Батыр, Ботагөз Қосмағамбет пен Әлішер Бесембай күміс иеленді. Сапарғали Әбдірашев қола жүлде иеленді.

«Жігер» спорт клубының алты спортшысы жарыста үздік нәтиже көрсетті. Әли Қайырғалиев, Снежана Кан, Филия Ковба чемпион атанса, Аделя Құрманова мен Наргиз Ғазиз екінші орын алды, Венера Жаркей қола жүлде иеленді.