Басты бетЖаңалықтарАстанада кептелісті...

Астанада кептелісті азайтатын бағдаршамдар көбейеді

Астана әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2019 жылдың соңына дейін жабдықталған ITS объектілердің саны 207-ге дейін артады.

Соңғы үш жылда ITS жүйесі 443 бағдаршамның 93 объектісін қамтыды. Бұл туралы транспорт жүйесін модернизациялау бойынша өткен брифинг барысында «Астана ЛРТ» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Бейбіт Есжанов мәлімдеді.

ITS пайдаланудың есебінен шектеулі аймақтағы көлік ағынының жылдамдығын 18%-ға дейін ұлғайтып, өткізу қабілетін 40%-ға, ал жолда орташа уақыт 20%-ға төмендеді — деді Бейбіт Есжанов.