Бұл аялдамалар халық көп жүретін жерге және аурухана, дәріхана маңына салынады. Қалалық мәслихат отырысында әкім орынбасары Сергей Хорошунның айтуынша, қалада 1265 аялдама бар. Оның 897 павильонмен жабдықталған, оның ішінде 39-ы жылы павильон.
2018 жылдың аяғына дейін бюджет қаражатына 55, ал мемлекеттік — жекеменшік әріптестік шеңберінде 31 жылы аялдама орнату жоспарланған. Ал 2019 жылы инвесторлардың есебі бойынша жаңа үлгідегі 200-ге жуық жылы аялдама қою жоспарланған. Олар желдету, жылыту жүйесімен сонымен қатар қажеттілікті өтейтін бөлмелермен жабдықталады және Wi-Fi орнатылады. Аялдамаларда қоғамдық көліктің жүру бағыты мен уақыты көрсетіліп тұрады.
Ал осылардың орнында тұрған бұрынғы ашық аялдамаларды Қала көлігін басқару басқармасының ақпаратынша қала сыртындағы аялдамаларға орнатады.
Қалған 228 жарақталмаған аялдама павильонының 140-на павильон қою мүмкін емес.
Олар бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Аялдама орналасқан жерлерді қайтып алу және қажетті жұмыстар жүру керек. Бұл жұмыстарды біз тездетуге тырысамыз, — деді Сергей Хорошун.