Астана әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жыл басынан бері «Сергек» камерасы 260 мың әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеп, бюджетке 740 млн астам теңге өндірілді. Нәтижесінде Астанада жол көлік апаттары 20%-ға, қайтыс болғандар саны 50%-ға, жарақат алғандар 21%-ға азайды. «Сергек» бейнетіркеу және фото жүйесі енгізілгеннен кейін 400 жол қиылысы мен 300 желілік автожол учаскесінде апаттар саны азайды.
Өткен жылмен салыстырғанда қылмыс саны айтарлықтай азайды. Алкогольді ішімдік ішу және қарақшылық шабуыл азайған. Интернет-алаяқтық пен жасөспірімдер қылмысының алдын алу үшін белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта қылмыс деңгейі бойынша республикалық рейтингте Астана үшінші орында тұр, — деді Ішкі істер департаментінің бастығы Марат Қожаев Үкімет отырысында.
Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Астанадағы оң көрсеткішті динамиканы айта келе, аймақтағы барлық әкімге астаналық тәжірибені енгізуді ұсынды.