Полицейлерге видеотіркегішсіз жолға шығуға тыйым салынды

Ішкі істер министрінің орынбасары депутаттарға патрульдік жасақ жұмысын ұйымдастыруды қайта қарау туралы айтып берді. Енді жеке құрамның 70 пайызы қоғамдық тәртіпті сақтауға, ал 30 пайызы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталады.

Жол қозғалысын автопатрульдер бақылайды. Жол-патрульдік полицейлеріне видеотіркегішсіз жолға шығуға тыйым салынған. Бізде жеке құрамның 97%-ы видеотіркегішпен қамтамасыз етілген. Ол жүргізушінің жол ережелерін бұзғанын ғана емес, патрульдік полицейдің әрекеттері мен жолдағы барлық жағдайды бақылап отырады, — деді Ерлан Тұрғымбаев.

ДереккөзTengrinews.kz